Елордада көлік моторын ұрлаған күдікі ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Елорда полициясына үйдің кіреберісінде болған ұрлық тұралы арыз түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік иесі ешкім тиіспейді деген үмітпен Nissan Qashqai көлігінің моторын уақытша кіреберіс алдына қойып кеткен. Алайда қайтып келгенде, мотор орнында болмаған.

Ұрлық шығыны – 400 мың теңге. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері қаскүнемді анықтады.

Ол сату мақсатымен қала аумағынан металл жинайтын 30 жастағы ер адам болып шықты. Полицейлер заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарды.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды бөгденің затын ұрлау ауыр құқықтық жазаға әкелетінін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты