Қала күніне орай Алматы халықаралық әуежайының жолаушыларына алма ұсынылады

Сурет: primeminister.kz
14-15 қыркүйек аралығында Қала күні мерекесі аясында Алматы қаласының Туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы және ҚР ҰҚК Алматы қаласы Шекаралық бақылау басқармасымен бірлесе отырып, "Алматының символы – сыйлыққа" атты акция өткізеді.

Паспорттық бақылау аймағында халықаралық рейстердің жолаушыларына Алматының жылуы мен қонақжайлығын білдіретін "апорт" сұрыпты алмалар ұсынылады. Акция аясында шамамен 10 мың жолаушы мен 50-ден астам рейс қамтылады.

Қалалық туризм басқармасының өкілдері атап өткендей, осындай акциялар туристер үшін ерекше атмосфера қалыптастыруға, олардың келу сәтінен бастап Алматының бірегейлігі мен қонақжайлығын көрсетуге көмектеседі.

2024 жылдың 1-тоқсанында туристердің жалпы саны 4,6%-ға артып, 473,3 мыңнан асты. (2023 жылдың 1-тоқсаны – 452,1 мың адам). Шетелдік туристер саны 3,4%-ға өсіп, 122,8 мың адамды құрады (2023 жылдың 1-тоқсаны – 118,7 мың адам).

Қазіргі уақытта Алматы 50 бағытта тікелей әуе рейстерімен байланысқан және 82 елдің азаматтары үшін визасыз режим ұсынады, бұл туристік ағынның өсуіне елеулі ықпалын тигізіп, қаланы шетелдік қонақтар үшін қолжетімдірек етпек.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр