Сондай-ақ, несиелік қабілеттіліктің базалық бағасы (ВСА) және түзетілгені ВСА ba2-ден ba1-ге дейін көтерілді.
Қысқа мерзімді рейтингі расталды. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты".
Moody's агенттігінің деректері банктің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
Банктің бүкіл ел ипотекасы портфелінен үлесі 53% тең (2024 жылдың 1 тамыздағы деректер бойынша).
Қазір банк қазақстандық ЕДБ арасында активтер мен меншікті капитал бойынша 4-ші орында. Биылғы жылы банк өнімдерінің көмегімен 44 710 қазақстандық отбасы заем алып, қоныс тойын атап өтті.
2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Отбасы банктің кредиттік портфелі 3 279 млрд теңгеге тең.
Отбасы банк екінші деңгейлі банктер арасында ең төменгі NPL деңгейіне ие. Қазіргі уақытта кредиттік портфельде 90 күннен астам кешіктірілген төлемдері бар кредиттердің көлемі нарық бойынша орта есеппен 3,14% болса, Отбасы банкінде ол 0,11% деңгейінде.
Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың саны 2,8 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 29,4% құрайды. 2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша депозиттік портфель 2 281 664 млн теңгеге тең болды.
2024 жылы 320 301 адам болашақта елдегі ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен заем алып, тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінде жаңа депозиттер ашты.
Теңгедегі ұзақмерзімді қазақстандық салымдардағы банктің үлесі 32% тең.
Отбасы банкінде депозитті банк кеңесшілеріне хабарласу арқылы ашуға болады. Мұны қашықтан бейне операторлар немесе банктің мобильді қосымшасы арқылы да жасауға болады.