Айта кетсек, бұл қарыздар бойынша төлемдер бүгіндері тоқтатылған.
Тілеухан Басхожаев мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар әскери борышын өтеу кезінде несиелері бойынша төлемдер жасаудан уақытша босатылатынын еске салды.
"Цифрды атасам деймін, мәселе қаншалықты өзекті екенін түсіну үшін. Не үшін қазір несиелік демалыс енгізілді дейсіздер? Бізге 18-19 жастағы жігіттер әскерге келеді. Бүгінгі күні олардың алған несиелері бойынша 2 млрд теңгеден астам соманың төлемдері тоқтатылып тұр (әскерге келгенге дейін алған - ред.). Жалпы, 40 мыңнан астам сарбаздың (несиелері бойынша төлем жасау тоқтатылған) алған несиесі 7 млрд теңгеден астам соманы құрайды", - деді ол.
Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулиннің айтуынша, барлық әскерге шақырылушылардың несиелік төлемі осы жылдан бастап автоматты түрде кейінге қалдырылады.
"Егер есептеп қарайтын болсақ, бүгінгі таңда 6 мыңнан астам сарбаздың несиелері бойынша 1 млрд 828 млн теңге көлеміндегі төлемі ауыздықталып тұр", – деп нақтылады ол.
2024 жылы 20 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев мерзімдә әскери қызметтегілер арасындағы ақша бопсалау фактілерін жоққа шығарды.