Астанада мұғалімдер күнінде саланың 3 500 үздік маманы ведомстволық наградаларға ие болды

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда елорданың білім беру ұйымдарында 26 944 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдер күні қарсаңында ведомстволық наградаларға саланың 3500 үздік маманы ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жаңа 2024-2025 оқу жылында Астананың білім беру ұйымдарына 2 262 педагог қабылданды, оның ішінде 993-і жайлы мектептерге. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында 3500 педагог ведомстволық наградалармен марапатталды", делінген Астана әкімдігінің ресми сайтында.

Елорда педагогтері мынадай ерекше наградалармен марапатталды:

Білім беру еңбегінің ардагерлері де назардан тыс қалмады.

Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілікті арттыру жөніндегі халықаралық семинарларға, конференцияларға қатысу үшін шетелдік іссапарларға барады.

Соңғы үш жылда мұндай сапарларда 300-ден астам адам болды. Олар АҚШ, Сингапур, Чехия, Корея, Өзбекстан, Грузия, Жапония, Түркияға барды. Іссапар қорытындысы бойынша "Шетелдік тағылымдама: кәсіптік әдіснаманы үйреніңіз, меңгеріңіз және дамытыңыз" тақырыбы бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды