Ақтөбеге жаңа автобустар келді

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін "Автопарк" ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қараша айының соңында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімі Асхат Шахаров автопаркте болып, қоғамдық көлік жүйесімен танысты.

Автопарк қала бойынша 23 бағытта қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге 331 автобус шығады. Былтырғы жылдан бері мекеме қоғамдық көліктерін жаңартуда.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екі жыл ішінде жаңа автобустар саны жүзге жетті. Бүгін жеткізілген 25 автобус №14, 22, 24, 26 және 42 бағытқа шығарылады, осылайша жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады.

"Yutong" маркалы автобустар Қарағанды облысының Сарань қаласында шығарылады. Бір автобустың құны – 64 миллион теңге.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ыңғайлы әрі сыйымды қоғамдық көлік 80 адамға арналған, кез-келген климаттық жағдайларда төзімді, кондиционер, пандусы бар, жайлы орындықтар және ақпараттық табломен жабдықталған.

"Ақтөбеде 46 бағыт бойынша жолаушыларды төрт кәсіпорын тасымалдайды. Біз олардың автопаркін біртіндеп заманауи көлік құралдарымен жаңартып жатырмыз. Наурыз айында 30 жаңа автобус алдық, бүгін 25 және қараша айының соңында тағы 25 автобус келеді. Жолаушыларға жайлы жағдай жасау, қаламыздағы қоғамдық көлік сапасын жақсарту – басты мақсат. Жаңа автобустар ескі көліктерге түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, жергілікті автопарктің жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі", — деді әкім.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр