Елімізде жаңа цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Дмитрий Мун — 1991 жылы Астана қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универститетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы Астана қ. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығында сарапшы болып бастаған.

Әртүрлі жылдары "Қазпошта" АҚ менеджері, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау жұмыс және құқықтық реттеу басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

2019-2020 жылдары — Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ департаментінде инженер-бағдарламашы.

2020-2023 жылдары — Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Big Data жөніндегі басқарушы директор.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды