Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу ұсынылды

Фото: unsplash
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ақмола облысында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікірін білдіріп, ұсынысын да білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Закиева Ақмола облысында екі бала жеке үйде электр тоғының тұйықталуы мен түтіннің салдарынан қайтыс болғанын еске салып, жақындарына көңіл айтты. Оның айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

"2024 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін балалардың қаза болуымен байланысты 15 өрт болды, негізінен балалар үйде жалғыз қалған.Осы фактілерді саралай келе, 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды әзірлеу қажет деп санаймын.Әрине, бұл ретте қолдауды қажет ететін отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек бағдарламалары ұсынылуы керек", — деп жазды Динара Зәкиева бір күн бұрын Instagram Stories парақшасында.

2024 жылдың 1 желтоқсанында Ақмола облысы Шұбарағаш ауылындағы жеке тұрғын үйдегі өрт кезінде 2017 және 2021 жылы туған екі баланың тұншығып өлгені белгілі болды.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады