Балалар құрастырған Темірбек роботы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Ғаламторда Қазақстан халқына арналған ерекше бейнеқұттықтау пайда болды. Елорданың дарынды мектеп оқушылары жасаған Темірбек роботы ел тұрғындарын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналық оқушылар құрастырған ақылды робот Темірбек қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ақылды робот сөйлей алады, сұрақтарға жауап бере алады.

Айта кетсек, робот Темірбекті Астана қаласының М.Мақатев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 7-11 сынып оқушылары ақылды робот құрастырып шығарған болатын.

Оқушылардың айтуынша, олардың оқу үлгерімін жақсартуға өздері құрастырып шығарған робот ерекше мотивация береді. Сондай-ақ өзара байланыс ретінде пайдаланудағы тиімділігі де байқалған.

Бұған дейін желіде еліміздің әр өңірінен келген Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қалай құттықтағаны көрсетілген видео жарияланған болатын. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер мен ұшқыштар мерекеге арналған қызықты бейнероликтер түсірді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады