Алматының Әуезов ауданында аулаларды көркейту жұмыстары жалғасуда

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әуезов ауданында биыл жүзеге асырылған маңызды нысандармен танысу үшін баспасөз туры өтті. Аудан әкімі Абзал Егембердиев пен жоба қатысушылары аудандағы жетістіктер туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Баспасөз турының алғашқы нысаны №2 шағын ауданындағы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында көріктендірілген аула болды.

Бұл аумақ №41 және №42 үйлердің арасында орналасқан. Биыл мұнда 390 шаршы метрлік футбол алаңы салынды, балалар және спорттық алаңдар жаңартылды, 19 көше жарығы тіректері мен 12 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сондай-ақ 300 метрлік жасыл қоршау және 50 ағаш отырғызылып, 3 мың шаршы метрден астам жасыл желекті суару жүйесі іске қосылды. Ұзындығы 400 метр тротуар төселді.

Ауланы соңғы рет қайта жаңарту 2017 жылы күрделі жөндеу бағдарламасы аясында жүргізілген, содан кейін тек косметикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Былтыр Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 174 аула жөнделсе, биыл күрделі жөндеу аясында 23 аула қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 41 ауланы және 16 жаяу жүргінші аймағын қамтитын 57 жоба жүзеге асырылды.

Келесі нысан №1 шағын аудандағы "Халық қатысатын бюджет" аясында жүзеге асырылған жаңа сквер болды. №20 үйдің артындағы бос тұрған жер кәдеге асты. Мұнда жаяу жүргіншілер аймағы, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тренажерлер, сондай-ақ үсті жабылған воркаут аймағы пайда болды. Жасыл желектер мен альпі төбешіктерін суару жүйесі орнатылып, 90 қайың ағашы отырғызылды.

"Өзімнің және аудан тұрғындарының атынан алғыс айтқым келеді. Мұнда сквер ашылатынын естігенде қатты қуандық. Біз зейнеткерлер көбінесе үйде боламыз. Спортпен айналысып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Сондықтан осындай сквер біз үшін үлкен бақыт", – деді аудан тұрғыны Ұлмекен Қожаназарова.

Баспасөз турының соңғы нысаны елдегі алғашқы "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған жаңа форматтағы мектеп болды. №97 мектеп қайтадан салынды, себебі бұрынғы ғимарат апатты жағдайда еді.

"Жайлы мектеп" жобасы елдегі апатты ғимараттарды жоюға, үш ауысымда оқуды азайтуға және мектептердегі орын тапшылығын шешуге бағытталған.

Жаңа білім ұясында 600 оқушы оқи алады, отандық өндірістің заманауи жиһаздарымен, жаратылыстану пәндеріне арналған зертханалармен, акт залымен, кітапхана және коворкинг аймағымен жабдықталған. Мектеп аумағында волейбол, баскетбол, футбол және теннис алаңдары орналасқан. Оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау, есіктерді құлыптау және дыбыстық сигналдарды пайдалану жүйелері орнатылған.

Экскурсия барысында журналистерге робототехника кабинеттері, зертханалар, спортзал және асхана көрсетілді. Баспасөз туры аясында аудан әкімі Абзал Егембердиев мектеп президентімен үстел теннисін ойнады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты