Елордада әкелер қар күреу челленджін бастады

Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана мектептерінде "Таза Қазақстан" акциясы аясында "100 мектеп – 1000 әке" қар күреу челленджі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының №1 арнайы мектеп-интернатының әкелер кеңесінің өкілдері балалары оқитын білім беру мекемесінің қар күреу челленджін іске қосты.

"Ұлы Абай айтқандай, "Мықты мемлекет құрғың келсе, отбасын тәрбиелеуден баста". Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі. Оның бірлігі әкенің рөліне тікелей байланысты. Біз әкелерді тәрбие процесіне белсенді араласуға тартуға тырысамыз. Оқу орындарындағы тазалық пен тәртіп – бұл әрбір азаматтың жауапкершілігі", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Челленджді эстафета форматында Қазақстанның басқа қалаларына жолдай отырып, ұлттық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша, акцияға қатысушылар ұлттық бірлікті нығайтуға және жастардың патриоттық рухын нығайтуғп өз үлестерін қосуда.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанның жабайы табиғатындағы ең көрікті жануарлардың бірі камераға түсіп қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді