ШҚО-да 5 млн теңгенің малын қолды қылған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемде жасалған мал ұрлығы бойынша 50 жастағы бақташы ұсталды.

Полицияның мәліметінше, ол өзі жұмыс істеген жергілікті фермердің 17 бас жылқысын ұрлаған.

Оларды басқа қораға айдап апарып, өз мақсатында пайдаланған. Алдын ала жиналған мәліметтер бойынша, күдікті жылқыларды 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сатып, түскен қаражатты өз пайдасына жұмсаған. Күдіктінің іс-әрекетінен келтірілген жалпы шығын мөлшері 5 миллион теңгеден асқан.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ұрланған малдың бір бөлігін тауып, иесіне қайтарған.

Тергеу шаралары жалғасуда. Қалған малдарды табу бойынша іздеу жұмыстары жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мал иелеріне малды үнемі тексеруде ұстауды, бақылауды күшейтіп, жұмысшылар таңдауда мұқият болуларын ескертеді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары полициямен тығыз байланыс орнатудың және күмәнді іс-әрекет байқаған жағдайда уақытылы хабарлау, қылмысты болдырмауға және шығынды азайтуға көмектесетінін басымдылықпен атап өтті.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр