"Көлігіңді тіркеп беремін": Түркістанда танысын алдап соққан тұрғын ұсталды

Фото: Zakon.kz
Түркістанда полиция танысын шетелдік көлікті тіркеп беремін деп алдаған күдіктіні ұстады.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Күдікті ер адам танысына Daf жүк көлігін Германия есебінен шығарып, тіркеуіне қойып беремін деп жалған уәде берген.

Жәбірленушіге 4,5 миллион теңге шығын келтірген. Ол үлкен көлемдегі қаражатты өзінің қарыздарына құйған.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері бұл ер азаматтың тағы бір адамды алдап, осы тектес қылмыс жасағанын анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты