Алматыда полиция шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полициясы қылмыстық сәлемдемені МКД әріптестері мен поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтады.

Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді.

Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталатын болады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты