Астанада тағы бір қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

Фото: pexels
Астанада "LIVEGOOD" қаржылық пирамидасын ұйымдастырудан алынған қылмыстық табысты жылыстату схемасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта күдікті биологиялық белсенді қоспаларды сатумен айналысатын желілік маркетингтің атын жамылған "LIVEGOOD" қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды.

Пирамида схемасы бинарлы жүйеге негізделген, оған сәйкес қатысушылар жаңа қатысушыларды шақыру санына байланысты әртүрлі деңгейлерде орналастырылған.

Осылайша, қаржылық пирамиданың негізгі табысын ББҚ сату емес, жаңа салымшылардың жарналары құраған.

Уәдеге сенген 6 мыңнан астам азамат деңгейіне байланысты айына 2 000 АҚШ долларына дейін бонус алуға үміт артып, "LIVEGOOD" компаниясынан ай сайынғы төлемі бар 50 АҚШ долларына жазылым сатып алған.

Заңсыз жолмен алынған қаражатқа күдікті құны 60 миллион теңгеден астам автотұрағы бар екі пәтер сатып алған, оларды заңды жолмен тапқан табысымен үйлестіріп тәркілеуден жасыру мақсатында өз атына және сенімді тұлғаларға рәсімдеген.

Сонымен қатар, тергеу барысында "Binance" биржасында 0,28 BTC криптоактивтері бар екені анықталды, бұл 28 мың АҚШ долларына тең.

"Соттың санкциясымен жылжымайтын мүлік пен криптоактивтерге, автокөлікке, сондай-ақ тінту кезінде тәркіленген 19 миллион теңге және 4 мың АҚШ долларына тыйым салынды." ҚМА баспасөз қызметі

2025 жылдың 7 ақпанында күдікті Астана қаласындағы әуежайда шекараны кесіп өту және Түркияға ұшуға қамдану кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

2025 жылғы 8 ақпанда сот оған екі айға "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК 201-бабы бойынша тергеудің мүддесіне байланысты басқа ақпарат таратылмайды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды