Қазақстанда психиатриялық көмек көрсетуде не дұрыс емес

Сурет: freepik
Біздің қоғамда психикалық ауытқуы бар адамдар, өздерін ел алдында таныстырмайынша назарға ілікпей жүре береді. Zakon.kz тілшісі мұндай адамдар қаншалықты қоғамға қауіпті деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Бұған дейін қазақстандықтардың жағасын ұстатқан медициналық бетперде киген жасөспірімнің жеделсатыда бүлдіршіннің бетін бірнеше жерден тілгілеп тастаған бейнесі тараған болатын. Көп ұзамай оның қолынан әлде бір ғажайыппен аман қалған қыздың да бар екені анықталды.

Ал, зардап шеккен бала ауыр жағдайда жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды.

Шабуылдаушы ұсталып, оқшауланды. Белгілі болғандай, ол нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұрады.

Қанды оқиғадан кейін депутат Ирина Смирнова елдегі психиатриялық қызметтің жұмысын өзгертуді ұсынды:

"Психикалық ауытқуы бар көптеген адамдар қажетті ем алмастан қоғамда өмір сүруде, бұл мәселені шешу керек. Жеделсатыда болған жағдай және психикалық денсаулығы нашар адамнан зардап шеккен баланың қайғы-қасіреті тек өзгерістердің қажеттілігін растайды".

Ол мұндай жағдайлардың болмауы үшін алдын алу шаралары қажет екенін атап өтті.

Бұл жүйе үнемі реформаланып, жаңартылып, талаптарды қайта жазады. Мысалы, 2024 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрықпен ҚР халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты жаңа редакцияда бекітілді.

Үздіксіз жаңғырту фактісін Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директорының клиникалық және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Наби Есімов растады.

"Мен қызыл сызықпен атап өткім келеді, мұндай оқиғалардың көпшілігін олар емес, дені сау адамдар жасайды. Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика комитетінің деректеріне сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыстарды негізінен диспансерлік есепте тұрмаған адамдар жасайды", – деді спикер.

Өткен жылдың ең атышулы қанды қол қылмыскерлері: Қуандық Бишімбаев, Гүлмира Сатыбалды, Алматыдағы автобус жүргізушісін ұрған жолаушы және өзгелері... Жоғарыда айтылғандардың барлығы мәжбүрлі түрде психикалық емханаға емес, түрмеге қамалды. Оған себеп, "олар психологиялық тұрғыда сау адамдар". 

Бұған дейін Түркістан облысында қоғамдық орында кальян шеккен тұрғындар жазаланғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды