Астанада жаңа бейнебақылау жүйесі көлікте телефон ұстағандарды тіркейді

Фото: Zakon.kz
Астанада жаңадан орнатылып жатқан бейнебақылау камералары, көлікте ұялы телефон ұстаған жүргізушілерді бірден тіркеп, айыппұл салады.

Смарт жүйе қауіпсіздік белдігін тақпаған және жаяу жүргіншілерге жол бермегендерді де анықтайды.

Осылайша жасанды интеллектінің көмегімен 15 түрлі құқық бұзушылық автоматты түрде есепке алынады.

Жыл соңына дейін қаладағы 22 мың камера осы жүйеге қосылмақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Жобаны іске асыру үшін Біріккен Араб Әмірліктері 53 млрд теңге инвестиция құяды.

"Қолданыстағы инфрақұрылым камераларын алып тастау көзделмеген. Керісінше жүйені кезең-кезеңімен жаңғыртып, оларды кеңейтіп, жаңа технологиялармен толықтырылады. Алдағы уақытта жаңа жоба аясында бізде 15 түрлі құқықбұзушылықты тіркейді. Және 35 бейнеаналитикасы бар. Ұялы телефонмен сөйлесу, белдікті тақпау т.б 15 түрлі құқықбұзушылықты тіркеледі." Ерасыл Қайрат, Бейнебақылау және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды