Алматының Бостандық ауданында магистральді көшелерді көркейту жұмыстары қызды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылы техникалық тротуарларды салу жұмыстары заманауи көріктендіру стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Жаңа жобалар қала ортасының жайлылығы, экологиялық тазалығы және тартымдылығын арттыруға бағытталған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 11 магистральді көшеде техникалық тротуарлар төселеді. Бұл туралы Бостандық ауданы әкімдігі хабарлады.

Жоба аясында Садықов, Мұстафин, Исиналиев, Тілендиев, Радостовец, Ғабдуллин, Кекілбайұлы, Наурызбай батыр, Марков, Өтепов көшелері және Бұқар Жырау бульвары қамтиды

Аудан әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы 6 магистральді көшеде техникалық тротуарлар салынған.

Олар:

"Техникалық тротуар жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысын нақты бөліп, жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтады. Біз тұрғындар үшін барынша ыңғайлы жағдай жасауға тырысамыз", – деді ауданның инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің өкілдері. Олардың мәліметінше, жұмыс жыл бойы жалғасады.

Техникалық тротуар магистральді көшелерде орналасқандықтан, ол топырақтың шайылуына жол бермейді, қарды сапалы түрде тазалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай тротуарлар су ағызу мәселесін шешіп, нөсер жаңбыр кезінде көшелердің су астында қалуын болдырмайды.

Бұған қоса, биыл жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасады. Қазіргі уақытта мердігер ұйымды анықтау бойынша байқау рәсімдері қолға алынған. Жөндеу жұмыстары келісімшарт жасалғаннан кейін басталады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды