Қазақстанның ІІМ трамадолға қатысты дәріханалар мен фармацевтикалық компанияларға үндеу жасады

Фото: pexels
Бүгін, 2025 жылғы 24 ақпанда ҚР Ішкі істер министрлігі дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына трамадолды рецептсіз сатуға қатысты жауапкершіліктерін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков атап өткендей, министрлік "заңдылық пен тәртіп" қағидаты бойынша жұмысын жалғастыруда.

"Дәріханалық нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылы "трамадол" психотроптық заты есірткі заттарының тізіміне енгізілді." Айбек Брыков

Есірткі қатарына енгізілгенге дейін "трамадол" ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылды. Қазіргі уақытта ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады.

Медицинада қолданылатын есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сату деректеріне қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері "трамадолды" заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды.

Олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді. Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз.

Медицинада қолданылатын психотроптық заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, "есірткіні заңсыз өткізу" болып саналатынын ескертеміз. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.
Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты