Астанада ер адам танысын басынан атып өлтірді: көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Сурет: видео скрині
Астанада ер адам танысын басынан атып өлтірді. Көршілерінің айтуынша, күдікті - 50 жастан асқан отбасылы ер адам, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Бала-шағасымен осы үйде тұратын. Жап-жақсы жігіт болған. Ішімдік ішпейтін, жаман әдеті болмаған. Намазын оқып, әрқашан амандасып тұратын. Ал сырттан келген жұмыстасы бірдеңе шегіп келген көрінеді. Нақтысын білмеймін, тергеушілерден естігенім осы".Көршісі Оразхан

Қайғылы оқиға кеше сағат 17:30 шамасында болған. Көршісінің айтуынша, күдікті мен марқұм әріптес болған.  Екеуі жанжалдасып, ақыры соңында бірі мылтыққа жармасып, басынан дәлдеп атқан дейді. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шұғыл жеткенімен, ол адам бірден жан тапсырды. Қазір әріптестер арасындағы қанды оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді