Алматыда жаңа қоқыс жәшіктерін орнату басталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы "Алматы – біздің ортақ үйіміз" акциясы аясында қалада жаңа вандализмге төзімді қоқыс жәшіктерін орнату басталды. Бұл бастама санитарлық жағдайды жақсартып, көшелердің ластану деңгейін төмендетуге бағытталған.

Бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылы Алматыда 12 036 жаңа қоқыс жәшігі орнатылады. Олардың көлемі 80 және 120 литр.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, бұл жәшіктер аудан әкімдіктерінің өтінімі негізінде орнатылып, қаланың тазалығын жақсартуға арналған. Қоқыс жинау барысын жеңілдету үшін жәшіктердің ішінде 120 литрлік полиэтилен пакеттер қарастырылған.

Алматы әкімдігі жүргізген талдау көрсеткендей, қала көшелерінде 40-60 литрлік қолданыстағы қоқыс жәшіктері тез толып, қоқыс мәселесін ушықтырып отыр.

Осыған байланысты, ескірген жәшіктерді ауыстыру туралы шешім қабылданды:

2024 жылы қала билігі қолданыстағы жәшіктердің тез толуына байланысты қоқыс шығару маршруттарын көбейтуге мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігі "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында "Алматы – біздің ортақ үйіміз" экологиялық науқанының басталғанын хабарлады. Ол 2025 жылғы 1 наурыз – 1 сәуір аралығында өтеді. Науқанның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.

Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген, оның алғашқысы – "Таза көшелер". Бұл кезеңде аялдамалар, бағдаршамдар, өткелдер, жол белгілері мен жарықтандыру құрылғылары тазартылады, сондай-ақ қоғамдық орындарға жаңа қоқыс жәшіктері орнатылады.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында жарияланады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды