Алматыда ҰОС ардагерлерінің зиратын тазарту бойынша жастар акциясы басталды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар басталды. Оның аясында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен майдангерлер, белгілі қаламгерлер мен көрнекті тұлғалар жерленген Кеңсай зиратын тазарту және абаттандыру бойынша жастар акциясы өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың қатарында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және тағы басқасы бар.

Акция Мәдениет және ақпарат министрлігі және Алматы қаласының әкімдігіменен ұйымдастырылған. Акцияға шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері, жастар және волонтерлік ұйымдар қатысты. Олар аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, зират маңын ретке келтіріп, гүл шоқтарын қойды.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Іс-шараның басты мақсаты — өткенге тағзым етіп, майдангерлердің рухына құрмет көрсету, өсклең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Таза Қазақстан" акциясына қатысқанын жазғанбыз.

Алматы
Ұлы Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды