Қазақстандық спортшылардың 19–25 мамыр аралығындағы жарыс кестесі

Руслан Курбанов, сурет: Instagram/kazakhstan_fencing
Еліміздің спорт министрлігі 19-25 мамыр аралығындағы қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарының кестесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, осы аптада спортшыларымыз әлемнің жеті елінде бақ сынайды.

19–27 мамыр – Нысана көздеу және стенд атудан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі. Жарысқа ел құрамасынан 19 спортшы қатысады. Өтетін орны: Зуль қаласы, Германия.

21–22 мамыр – Жүзуден Mare Nostrum халықаралық турнирі (2-кезең). Бұл кезеңде еліміздің 8 спортшысы бақ сынайды. Өтетін орны: Барселона қаласы, Испания.

22–25 мамыр – WKF каратэден ересектер арасындағы Азия чемпионаты. Қазақстан намысын 16 спортшы қорғайды. Өтетін оюрны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.

22–27 мамыр – Дздодан юниорлар арасындағы халықаралық турни. Аталған турнирде еліміздің 7 палуаны белдеседі. Өтетін орны: Каунас қаласы, Литва.

23–25 мамыр – Семсерлесуден Әлем кубогі. Турнирде 9 спортшымыз сынға түседі. Өтетін орны: Сен-Мор қаласы, Франция.

24 мамыр – Триатлоннан Әлем кубогы. Жарыс жолына еліміздің 5 спортшысы шығады. Өтетін орны: Самарқанд қаласы, Өзбекстан.

25–29 мамыр – Дәстүрлі садақ атудан халықаралық Fetih Kupası турнирі. Сайысқа 15 елден 200-ден астам спортшы, соның ішінде отандық мергендер де қатысады. Өтетін орны: Ыстанбұл қаласы, Түркия.

Бұған дейін Жапониядағы беделді жарыста теннисші Зарина Диастың чемпион атанғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты