34 көлік, пәтер, пентхаус пен үй тәркіленді: 290 қазақстандықты миллиардтаған теңгеге алдап кетті

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Прокуратураның үйлестіруімен Алматы полиция департаменті айыпталушы мен оның 12 сыбайласы-туыстарына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы оңтүстік астананың прокуратурасы 2025 жылдың 28 мамырында хабарлады.

"Айыпталушы мессенджерлерде хат-алмасу чаты арқылы Қытайдың, Өзбекстанның және Ресейдің зауыттарымен тікелей жұмыс істейтінін, сондықтан оның ыдыс-аяқ, жиһаз және үйге арналған басқа да керек-жарақтар бағасы төмен екенін айтқан. Алайда іс жүзінде қылмыстық схеманы жасыру мақсатында Алматы базарларынан өзі шығынға ұшырай отырып тауар сатып алған", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Аталған шығындарды қатысушылар 6 айдан 12 айға дейін күттірте отырып көтерме тапсырыстармен өтеген.

"Қатысушылар қымбат автокөліктерді, пәтерлерді, үйлерді, жерлерді, киімдерді, саяхаттарды сатып алуға, сондай-ақ букмекерлік кеңселерде ақша тігуге қаражат жұмсаған. Тергеу барысында 34 автокөлік, 2 пәтер, 1 пентхаус, жер учаскесі бар 2 тұрғын үйге тыйым салынды." Алматы қаласының прокуратурасы

Еліміз бойынша Алматыдан бастап Саран қаласына дейін 4,6 млрд теңге сомасына 290 адам қылмыстың құрбаны болып танылды.

Прокуратура қылмыстық істі сотқа жолдады.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық жауаптылық 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қала прокуратурасы азаматтарды ұқыпты болуға, күмәнді ұсыныстар мен мәмілелерге бармауға шақырады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды