Қарағандыда полиция пәтер ұрлығына күдікті азаматты қолға түсірді

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда Юго-Восток полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына күдікті азаматты қолға түсірді.

Ұсталған – 25 жастағы Ұлытау облысының тұрғыны. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам облыс орталығына келіп, уақытша пәтер жалға алған.

Алайда, тұрғын үйден шығарда пәтер иесінің теледидарын заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Зардап шеккен әйел полицияға арыз түсіріп, келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрағанын мәлімдеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Ұрланған теледидар тәркіленіп, айғақты зат ретінде тіркелді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді