Атырауда күдіктіден 16 келіден астам қарасора тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру шарасы кезінде қарасора өсірген және кептірілген өсімдік заттарын сақтаған 40 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 45 дана есірткі өсімдігі және және тоңазытқыштан ерекше иісі бар кептірілген өсімдік заттары табылып, тәркіленді.

Алынған заттар салмағы 16 келіден асатын қарасора екені анықталды.

Аталған дерек ҚК-тің 300-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты