Саяжай ұрлығынан сақ болыңыз: полиция кеңесі

Фото: Zakon.kz
Саяжай маусымы қызып тұр. Дәл осы уақытта саяжай ұрлықтары жиілей түседі. Көбінесе, мұндай жағдайлар иелердің өз мүлкіне бейқам қарауынан туындайды.

Жуырда Павлодар облысының полициясына қала тұрғыны шағым түсірді. Айтуынша, белгісіз біреулер саяжайда ешкімнің жоқтығын пайдаланып, темір крандарды шешіп әкетіп, көкөністерді ұрлап, қақпаларды бүлдіріп кеткен.

Қазір бұл дерек бойынша полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілерді анықтауға кірісті. Полиция қызметкерлері саяжай иелеріне мүліктерін сақтап қалу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын естен шығармауға кеңес береді.

Қауіпсіздік шаралары:

Егер шақырылмаған қонақпен бетпе-бет келіп қалсаңыз, дауға араласпағаныңыз жөн. Ең маңыздысы — өмір мен денсаулық.

Мұндай жағдайда адамның сырт келбетін, ерекшеліктерін есте сақтап, бірден "102" арнасына немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы хабарласыңыз. Полиция жасағы келгенше қауіпсіз жерге шығып, сабыр сақтаңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі