Қазақстан 2027 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасын көбейтеді

Фото: freepik
2027 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша мемлекет жарналарының мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтыла бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
"Біз 2015 жылы қабылданған "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңының алғашқы редакциясында белгіленген бастапқы қаржылық моделіне ішінара ораламыз. Сол кезде мемлекеттің жарналары 7% деңгейінде бекітілген еді. Қазір ол тек 2% ғана", — деп атап өтті Шоманова.
Оның айтуынша, бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілердің төлейтін жарна көлемін ұлғайтпай, медициналық көмек жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің қаржыландыру үлесінің кезең-кезеңімен өсуінің нәтижесінде, жарна мөлшері биылғы 2%-дан 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін артады деп күтілуде.
Бұл жүйеге қосымша 2,8 триллион теңге қаржы тартуға мүмкіндік бермек. Ал ол өз кезегінде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға зор үлес қосады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды