Алматыда орталық көшелердің бірі уақытша жабылады

Фото: Zakon.kz
Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша жол жүру шектеулері енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 12 тамызда AlmatyJoly Telegram-арнасында жарияланды.

"12 тамыз күні сағат 22:00-ден 13 тамыз сағат 06:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Қайырбеков көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады", – делінген хабарламада.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірлері көрсетілген стендтер орнатылады.


"Алматылықтар мен қала қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген үндеуде.

Бұған дейін, 2025 жылғы 11 тамызда, Алматыда маңызды жол айрығында екі түнге қозғалыс шектелетіні хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты