Қазақстан жоғалып бара жатқан Арал теңізін құтқару үшін қар суын қолданады

Сурет: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі
Түркістан облысында Көксарай контрреттегішінің басты гидроқұрылымын механикаландырылған тазарту жұмыстары басталды. Бұл қадам қаңырап қалған Арал теңізін толтыру үшін қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағымды жаңалықты Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті.

Ведомствоның 2025 жылғы 8 қыркүйектегі мәліметінше, қазіргі уақытта нысанды лай мен құмнан арнайы техника арқылы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атқарылып жатқан жұмыстар тасқын кезеңінде қар суын қауіпсіз өткізу үшін жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

"Көктемгі кезеңде Көксарай контрреттегішінен Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберіліп, Арал теңізін толтыру және Қызылорда облысының егістік алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету басталады," – деді Нұржан Нұржігітов.

Министрлік нақтылағандай, Көксарай контрреттегішінің сыйымдылығы – 3 млрд текше метр.

Нысанның негізгі мақсаты – Сырдария бассейнінде тасқын судың алдын алу, Шардара су қоймасына келетін қар суының көлемін реттеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен жергілікті экожүйелерді тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету.

1960-жылдардан бастап теңіз деңгейі (және ондағы су көлемі) суармалау мақсатында Әмудария мен Сырдария өзендерінен су алу салдарынан күрт төмендеді. Қазіргі таңда Арал теңізінің көп бөлігі Аралқұм шөліне айналып кеткен. Құрғап қалмай тұрып, Арал теңізі әлемдегі төртінші ірі көл болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі