Алматының Әуезов ауданында жаңа сквер пайда болды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Әуезов ауданының 8-шағынауданында, Алтынсарин көшесінің бойындағы №37 үйдің жанында бұрын бос тұрған жер абаттандырылды. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

Жоба "Сұлтан құрылыс" ЖШС мердігер ұйымы арқылы 2025 жылғы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бос жатқан аумақта тұрғындардың серуендеуіне және демалуына арналған жаңа сквер салынды.

Абаттандыру барысында жаңа асфальт және жаяу жүргінші жолы төселіп, 27 заманауи шам, шағын сәулеттік нысандар орнатылды. Оның қатарында орындықтар, 16 метрлік орындық және әткеншекті пергола бар. Жасыл желек үшін 180-нен астам ағаш пен бұта отырғызылды, 110 шаршы метрлік альпілік төбе, көгал мен жасыл шарбақ жасалды. Өсімдіктерге күтім жасау үшін автоматты суару жүйесі орнатылды.


"Бұл сквер – тұрғындар бастамасы мен мемлекеттің қолдауының арқасында бос аумақтардың жайлы қоғамдық кеңістікке айналып жатқанын көрсететін жарқын мысал", – деді аудан әкімдігінде.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады