Ол өзінің қателіктерін мойындап, неге мұндай жолға түскенін әңгімелеп берді. Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген ол Семей қаласында өсіп, тіс дәрігері мамандығын меңгеруді бастаған екен.
Балалық арманы – адамдарға пайдасын тигізіп, олардың денсаулығына қарау болған еді.
"Өмірімді есірткімен байланыстырдым. Шамамен екі жылдай қолдандым. Соның салдары, міне — қазіргі жағдайым. Ұстау кезінде менен есірткі табылды", — дейді ол.
Жас жігіт бүгінгі күйін ешкімнің басына бермесін деп тілейді. Оның айтуынша, есірткіге жақындаған адамның соңы бәрібір қайғымен аяқталады.
"Есірткіге тәуелді болу – ортаңнан емес, өз мінезіңнен шығады. Ешкімді тыңдамадым, өзімді бәрінен ақылды санадым. Қазір менің қатарластарым диплом алып жатыр, ал мен олардың қатарында жоқпын. Бұл – өте ауыр", — дейді ол қынжылып.
Жастық шақтағы алаңсыз қуаныштарын ойланбай жасаған әрекеттері мен азғырудың кесірінен жоғалтқанын сотталған азамат ащы өкінішпен жеткізді.