Алматыдағы тергеу изоляторына телефон өткізбек болған азамат ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласындағы тергеу изоляторының қызметкерлері өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесе отырып, тыйым салынған затты анықтады.

Тұтқындарға әкелетін азық-түлікті қабылдау кезінде олар азаматтың тергеу тұтқынындағы бауырына әкелген тамағының ішінен Vivo телефонын тапты.

Ол телефонды тамақ салынған контейнердің түбіне жасырған.

Аталған факт бойынша Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік сотына жіберу үшін материал жинақталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты