Алматыда такси жүргізушісімен түсірілген даулы видеоның авторы полицияға жеткізілді

Сурет: Алматы ПД
Алматыда такси жүргізушісімен түсірілген даулы видеоның авторы – жергілікті блогер полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция қызметкерлері бейнеролик авторының тұлғасын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізген.

"Қызбен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай әрекеттерге жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Ол өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарауға және қоғамдағы этика мен өзара құрмет нормаларын сақтауға шақырады", – делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде есту қабілеті бұзылған такси жүргізушісімен болған оқиғаның видеосы тараған болатын. Видеода блогердің айтқан сөздері мен әзілдері жұрттың ашу-ызасын тудырған. Кейін ол бейнероликті өшіріп, көпшіліктен кешірім сұрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты