"Дәстүр дәмі": Оралда үздік аспаздар ұлттық тағамнан сайысқа түсті

Фото: pixabay
Орал қаласында Қоғамдық тамақтану қызметкерлері күніне орай алғаш рет "Дәстүр дәмі" атты ұлттық аспаздар байқауы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқауға қала мен ауыл-аймақтардан келген 14 бас аспаз қатысып, бір сағат ішінде ұлттық тағам түрлерін дайындап, қазылар алқасына ұсынды. Шеберлер дастарханға ет, сүт және дәнді дақылдардан әзірленген қарын бөртпе, жент, балқаймақ сынды дәстүрлі тағамдарды қойды.

Іс-шара барысында этнографтар ұлттық гастрономияның тарихы мен тағам түрлерінің ерекшелігі туралы дәріс оқыды. Байқауға колледж студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері де қатысты, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазылар алқасы қатысушылардың дәстүр мен заманауи тәсілді шебер ұштастыра білгенін атап өтті.

Этнограф, ұлттық тағам зерттеушісі Әйгерім Мұсағажинованың айтуынша, өңірлерде ұлттық гастрономияны дамыту — маңызды бағыт.

"Әр аймақтың өз дәм ерекшелігі бар. Мысалы, батыс өңірінде жылқы еті ерекше дәмімен ерекшеленеді. Жайық бойында өсетін мия тамыры, таңқурай, қара өрік сияқты өнімдерді тиімді пайдаланып, Оралдың өзіндік дәмін қалыптастыру қажет", — деді ол.
Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы