Қаржы министрлігі жасырын түрде жалға берілетін пәтерлермен күресуге ниетті

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылдың 22 қазанында Мәжіліс кулуарында қазіргі уақытта салық төлемей, жасырын түрде жалға беріліп жатқан пәтерлерді қалай заңдастыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ержан Біржановтың айтуынша, мұндай секторды көлеңкеден шығару бағытында үнемі жұмыс жүргізіліп келеді. Осы мақсатта түрлі жеңілдетілген салық салу тәртіптері, соның ішінде арнайы салық режимдері енгізілуде.

"Мұндағы мәселе тек салық салуда емес, бұл – қылмыспен күрес мәселесі де. Егер тіркеу жүргізілмесе, мұндай пәтерлерде кімнің тұрып жатқаны белгісіз болады", – деді ол.

Журналистер вице-министрден бұл пәтерлерді қалай заңдастыруға болатынын сұрады.

"Біз камералдық бақылау жүргізіп, деректерді салыстырамыз. Мысалы, егер жеке тұлғаның меншігінде он пәтер болса, ал өзі біреуінде ғана тұрып жатса, қалған тоғыз пәтердің жалға беріліп жатқаны анық. Біз бұл бағытта үй иелері бірлестіктерімен (ОСИ) және учаскелік полиция қызметкерлерімен тығыз жұмыс істейміз. Сондай-ақ, пәтер иесінің ай сайын банктік қосымшалар арқылы ақша алып отырғанын байқасақ, бізде оған қатысты сұрақтар туындайды", – деп түсіндірді Ержан Біржанов.

Бұған дейін Ержан Біржанов депутаттардың ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін арттыру жөніндегі ұсынысына да пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек