Қазақстанда ЖРВИ: 1 млн 278 мың адам ауырған

Фото: Zakon.kz
Биыл елімізде ЖРВИ ерте басталды. Қыркүйектен бастап 1 млн 278 мыңнан астам жағдай тіркелді, науқастардың 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлады ҚР ДСМ.

№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова:

Бүгінгі күні 453 төсек орын дайындалған, 421-і науқастармен толған. Науқастар саны көбейген жағдайда қосымша керуеттер қойылады.

"А" типіндегі тұмаудың 304 жағдайы зертханалық жолмен расталған. Мамандар былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда науқастар саны 19%-ға төмендеді дейді. Эпидмаусым қарсаңында стационарларда 7738 инфекциялық төсек орын дайындалған, деп жазады qazaqstan.tv.

"Қосымша 922 төсек орны дайын тұр, резервте 1409 орын бар. Егер аурушаңдық өссе, науқастарды жатқызуға жеткілікті төсек орын қарастырылған. Қазіргі таңда БҚО, Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстарында төсек орындардың 89-90%-ы толы." Сархат Бейсенова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы

Эпидемиологтар қазіргі жағдай күзгі-қысқы кезеңге тән екенін айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

2027 жылғы жәрдемақылар: eGov Mobile қосымшасында отбасылардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы пайда болды

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды