Павлодарда полицейлер тұрғыннан синтетикалық есірткі мен каннабис майын тәркіледі

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында жедел уәкілдерге жергілікті тұрғынның есірткі айналымына қатысы бар екендігі жөнінде жедел ақпарат түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ер адамды қала көшелерінің бірінде "жасырын қойып кету" кезінде ұстады.

Куәгерлердің қатысуымен жүргізілген жеке тінту кезінде ер адамнан ішіне ақ түсті зат салынған 12 полимерлі қаптама табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижесінде бұл заттың жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық есірткі екені анықталды.

"Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту кезінде жалпы салмағы 3 грамнан асатын каннабис майы бар әйнек колбалар табылып, алынған. Есірткі заттарын сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу және өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанның бес облысында -3 градусқа дейін аяз болады

Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан ұшақ әуежайға оралды

WhatsApp-та хабарлама жазып, әйелді қорқытқан ер адам сотталды

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді