Мемлекет басшысы: Қазақстан Азияға ірі ет жеткізуші елге айнала алады

Фото: akorda.kz
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экспорт нарықтарына ауылшаруашылық өнімдерін үздіксіз жеткізу үшін әуе тасымалдарының әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, сарапшылардың болжамына сәйкес, келесі 10 жылда әлемде қызыл етке сұраныс 233 миллион тоннаға дейін артады.

"Қазақстан мұндай еттің ірі жеткізушісі бола алады, ең алдымен Азия елдеріне. Қазіргі уақытта қазақстандық қой еті экспорты бойынша Моңғолия, Нидерланды, Испания, Франция сияқты елдерге жеңіліп отыр. Бірақ бізде жайылымдық жерлер жеткілікті. Қой шаруашылығының экспорттық әлеуетін толық ашу үшін тиісті жағдайлар жасау қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жолдауда аграрлық экспортты дамыту жоспарын логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар, сондай-ақ маркетингтік стратегияларды ескере отырып әзірлеу міндеті қойылғанын еске салды.

"Мысалы, Парсы шығанағы елдері біздің ет өнімдерімізді тұрақты түрде, жыл бойы жеткізуді қалайды. Алайда бізде ауылшаруашылық өнімдерін әуе арқылы тасымалдау үйлестірілмеген және реттелмеген. Кәсіпкерлер көбіне жүк жөнелту мәселесінде жалғыз қалады. Маған бүгін хабарлады, Эмираттарға ет тұрақты рейстер арқылы жөнелтілуде. Бұл, мүмкін, дұрыс емес", – деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаев Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау әуежайлары арнайы экономикалық аймақтар шеңберіндегі жеңілдіктерді ескере отырып, өңірлік логистикалық хабтарға айналып, халықаралық әуе маршруттарына интеграциялануға жеткілікті әлеуетке ие екенін атап өтті.

"Олардың толыққанды жұмыс істеуі ауылшаруашылық өнімдерін экспорт нарықтарына үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үкімет бұл мәселені мұқият пысықтауы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, форум барысында Президент мемлекетке қайтарылған ауылшаруашылық жерлері туралы да пікір білдірді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыз адамдар саны жарияланды