Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Фото: Zakon.kz
Алдағы күндері, 20–22 қараша 2025 жыл аралығында, Қазақстанның көп өңірінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран соғып, көктайғақ пен күшті жел күтіледі.

"Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ 22 қарашада батысы мен солтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалында жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Республика бойынша тұман түсуі де ықтимал.

Температуралық фон айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.

Бұған дейін алматылықтар мен шымкенттіктерге ауа райы қолайлы болатыны хабарланған еді: 19–21 қараша күндері бұл қалаларда күн шуақты болып, температура +16…+18°С-қа дейін жылынады. Ал Астанада керісінше, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Аязды түндерге қарамастан, күндіз бас қалада салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер