Павлодарда полицейлер табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында полиция "Браконьер" алдын-алу шарасының қорытындысын шығарып, браконьерлікпен, биологиялық ресурстарды заңсыз айналымға алумен күресуге бағытталған іс-шараларды өткізді.

Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде құқық қорғау органдары табиғатты қорғау заңнамасының 150-ге жуық бұзушылығын анықтады.

Ағаш ұрлығы, заңсыз аңшылық және балық аулау фактілері бойынша 10 қылмыстық іс қозғалды. 5,5 текше метр ағаш, екі "Сібір қарақұйрығының" еті, 287 кг таза балық, Қызыл кітапқа енгізілген "Нельма" балығының бір данасы және 16 бірлік тіркелмеген қару тәркіленді – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 142 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Табиғатқа зиян келтірген барлық тұлғалар заң бойынша жауапкершілікке тартылды. Полиция департаменті ескертеді, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану – ағаш, жануарлар, балық немесе пайдалы қазбалар болсын – аймақтың экожүйесіне және елдің экологиялық әл-ауқатына теріс әсер етеді.

Осыған байланысты полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтап, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға шақырады. Егер сізге заң бұзушылық фактілері белгілі болса, белсенді азаматтық ұстаным танытып, дереу "102" нөміріне хабарлауға немесе "Заң мен тәртіп" мобильді қосымшасын пайдалануыңызға кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты