Астанада LRT жоспарланған мерзімнен ертерек іске қосылуы мүмкін

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 22 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифингте жеңіл рельсті көлікті (LRT) іске қосу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 30 қыркүйектен бері елордадағы жерүсті метросы тестілік режимде жұмыс істеп тұр.

"Қазірдің өзінде шамамен 2,6 ай өтті. Ай соңына дейін барлық вагондарды жеткізу жоспарланып отыр. Станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталу сатысында. Біз бастапқыда тестілік режим 3 айдан 6 айға дейін созылатынын айтқан едік. Алдағы бір-екі айда бұл жұмыстар толық аяқталып, LRT-ны жұмыс режимінде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл әсіресе Қалдаяқов, Сығанақ, Қабанбай батыр даңғылдары бойында орналасқан Есіл және Нұра аудандарының жол жүктемесін біршама азайтады", – деп түсіндірді әкім.

Айта кетейік, 2025 жылғы 29 қазанда Жеңіс Қасымбек LRT желісін Қосшы бағытына қарай кеңейту жоспарлары бар екенін растаған болатын.

Қазақстан
Астана
Қасымбек Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды