Жамбыл облысында "күлдіретін газды" жарнамалаған 65 сайт бұғатталды

Фото: pexels
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде "күлдіретін газ" ретінде белгілі азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін заңнамалық түзетулер күшіне енді.

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Жамбыл облысы полиция департаменті өңір аумағында есірткі өндірісі мен тыйым салынған заттардың таралуына жол бермеу бағытында кешенді шаралар қабылдауда.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы заңсыз айналым деректерінің жолын кесумен қатар, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күшті әсер ететін заттардың айналымын шектеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Қаңтар айында аталған басқарма қызметкерлері азот тотығын жарнамалап, оны пайдалануды насихаттаған 65 интернет-сайтты анықтап, бұғаттады. Бұл бағыттағы заңға қайшы қызметті анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты