Шымкентте азот тотығын заңсыз сату дерегі анықталды

Фото: Zakon.kz
Шымкентте полицейлер ойын-сауық орындарының бірінде азот тотығын заңсыз сату дерегін анықтап, жолын кесті.

Профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары аталған мекемеде келушілерге "күлдіретін газ" ретінде белгілі заттың заңсыз өткізілгенін анықтады.

Тексеру кезінде ғимарат ішінен азот тотығы бар баллондар және оны қолдануға арналған көп мөлшердегі пайдаланылған әуе шарлары табылып, тәркіленді.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ойын-сауық орнының иесі полиция бөліміне жеткізілді.

Полиция ескертеді: азот тотығын заңсыз сату және оны тұтынуға адамдарды тарту заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Аталған құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады