Алтын, мыс, сирек металдар: Қазақстан геологиялық барлауға шамамен 240 млрд теңге инвестиция салады

Фото: freepik
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен Қазақстанда экономиканы ұзақ мерзімді дамыту стратегиясының маңызды бағыты ретінде белсенді геологиялық барлау жұмыстары арқылы минералдық-шикізат базасын кеңейту айқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов өз мақаласында атап өтті.

"Соңғы жылдары мыс, никель, көмір, алтын және сирек жер металдарының болжамды қоры бар ондаған перспективалы учаске анықталды. 2026 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағын геологиялық және геофизикалық зерттеу көлемі 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізіледі", – деді Бектенов.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасы бойынша 2026–2028 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына тек мемлекет тарапынан шамамен 240 млрд теңге инвестиция салынады. Бұл көлем алдыңғы екі онжылдықтағы шығындармен шамалас.

Елдегі жобаларға шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытып отыр.

"Барлық шешімдер ұлттық мүдделерді ескере отырып қабылданатыны сөзсіз. Мұндай ауқымды жұмыстар ұзақ мерзімді өнеркәсіптік өсімнің негізін қалыптастырады", – деп түйіндеді Премьер-министр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің жеті жылдығына арналған Олжас Бектеновтің мақаласының толық мәтінін осы жерден оқуға болады.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі