Алматыдағы Burger King төңірегіндегі жанжал: тексеріс өрескел заңбұзушылықтарды анықтады

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматыда қызметкерге қатысты жанжалдан кейін тағайындалған Burger King-ке жүргізілген тексерістің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "QSR" ЖШС-не (Burger King) қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеруді аяқтады. Тексеру қызметкер Қаратай Әлібектің өтініші негізінде жүргізілді.

Тексеру барысында өтініш берушінің уәждері толықтай расталды.

Жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын жүйелі түрде сақтамау фактілері анықталды. Атап айтқанда, жұмыскерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұстап қалу, жалақыны жүйелі түрде кешіктіру, нақты жұмыс істеген уақытты есепке алмау және мереке әрі демалыс күндеріндегі еңбекақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу талаптарын сақтамау фактілері тіркелді. Сонымен қатар, ауысым кестелері жұмыскерлерге заңмен белгіленген мерзімдерді бұза отырып жеткізілген.

Сондай-ақ инспекторлар компанияның жұмыскерлерді қажетті арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпегенін, ал персоналдың еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалардан өтпей-ақ өз міндеттерін орындауға жіберілгенін анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша "QSR" ЖШС-не барлық анықталған бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама берілді.

Заңды тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87, 93 және 94-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жағдай жұмыскерлердің еңбек құқықтары толық қалпына келтіріліп, берілген нұсқамадағы шаралар орындалғанға дейін мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауында болады.Еске салайық, Burger King мейрамханалар желісіне қатысты жанжал 2026 жылдың ақпан айында басталған. Ол кезде аутизм спектрі бұзылысы бар қызметкердің анасы жаңа өңірлік басшы тарапынан қысым жасалып, ұлын жұмыстан кетуге мәжбүрлеу әрекеті болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады