Оның айтуынша, бұл мәселе қазіргі уақытта министрліктің күн тәртібінде тұр.
"Қазіргі таңда ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды, біз оны арттырамыз. Әлемдік тәжірибеде ең төменгі жалақы медианалық жалақының 50 пайызын құрайды. Сондықтан біздің мақсат – ең төменгі жалақыны жақын уақытта 150 мың теңгеге дейін жеткізу", – деді Әмрин.
Сонымен бірге ол нақты мерзімді айта алмады.
"Қазір нақты айта алмаймын, бұл өте күрделі әрі кешенді мәселе. Бәрі бюджеттің мүмкіндігіне байланысты. Биыл жыл соңына қарай түсімдердің қалай болатынын қараймыз. Егер осы динамика сақталса, онда мұндай өзгерісті енгізуге қаржылық мүмкіндік пайда болады", – деп қосты вице-министр.
Бұған дейін елімізде бизнес көлемі өсіп жатқанын жазғанбыз.