Қаржы министрлігі: бизнес миграциясы байқалмайды

Фото: freepik
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылғы 14 сәуірде Үкіметтегі брифингте жаңа Салық кодексінің бизнеске әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның пікірінше, бұл мәселеде нақты деректердің өзі бәрін көрсетеді.

"Ресми түрде айтамын: бизнестің жабылуы немесе басқа елдерге жаппай көшуі байқалмайды", – деді ол.

Сөзін нақтылау үшін ол статистикалық мәліметтер келтірді.

"Егер өткен жылы 1 қаңтарда елде 2,3 млн бизнес субъектісі болса, 1 сәуірде олардың саны 2,6 млн-ға жетті. Яғни 334 мыңға өскен. Оның басым бөлігі – тіркеусіз-ақ есепке тұра алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Біз бірінші тоқсанда 348 мың жаңа өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам тіркелгенін көріп отырмыз, яғни олар өз бизнестерін заңдастырды, көлеңкеден шықты", – деді вице-министр.

Бұған дейін кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы қарызы қанша екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін