Республикалық жеке сот орындаушылары палатасына жаңа төраға сайланды

Сурет: ҚР ЖСО Республикалық палатасы
Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының (ЖСО) жаңа басшысы сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 17 сәуірде Астанада Палата президиумының отырысы өтті. Күн тәртібінде басқарма төрағасы Айдос Иманбаевтың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты жаңа төрағаны сайлау мәселесі қаралды.


"Облыстар мен Әділет министрлігінің өкілдерінен құралған президиум мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Палата төрағасы болып бұған дейін төраға орынбасары қызметін атқарған Нұржан Арынғазинов сайланды", – деп хабарлады ЖСО палатасы.

Нұржан Арынғазинов 1984 жылы Ақмола облысы Макинск қаласында дүниеге келген.

2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласында мемлекеттік сот орындаушысы ретінде бастаған.

Әр жылдары елордадағы Сарыарқа және Алматы аудандарының аға сот орындаушысы, сондай-ақ Астана қаласы Сот актілерін орындау департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2016–2018 жылдары Астана қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары, ал 2018 жылы ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары болды.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті