Астанада желідегі трендті қайталап, қоғамдық орында аққайнар шашқан екі қыз жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада қоғамдық орындарды аққайнармен ластаған екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, "Бәйтерек" монументінің маңында қала тұрғыны ішімдік құйылған бөтелкені ашып, ішіндегісін жан-жаққа шашып, аумақты ластаған. Тағы бір жағдайда қыз орындықта отырып, сусынды әдейі төгіп, қоғамдық орынды ластаған.

Қыздар бұл әрекеттерді әсерлі контент түсіру үшін жасаған.

"Екі дерек бойынша да құқық бұзушылар қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеміз", – деді Астана қаласы ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Эльмира Шауленова.

Полицейлердің айтуынша, мұндай әрекет тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар айналадағы адамдарға, коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне және қала тұрғындарына деген құрметсіздік болып саналады.

Бұған дейін Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды